Дарын Мұбаровтан сұхбат алған Айнұр Асанберді дауға қалды

Журналистің айтуынша, сұрақ қою мен сұхбат алу – оның кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі. Сондықтан ол өз құқығын соңына дейін қорғауға ниетті екенін жеткізді.

Қазан 9, 2026 - 11:10
 0  3
Дарын Мұбаровтан сұхбат алған Айнұр Асанберді  дауға қалды
Фото: видеодан скрин

Журналист Айнұр Асанберді Дарын Мұбаровтан сұхбат алғанына байланысты Астана қаласының дін істері жөніндегі уәкілетті органымен құқықтық тартысқа түсіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Журналистің айтуынша, сұрақ қою мен сұхбат алу – оның кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі. Сондықтан ол өз құқығын соңына дейін қорғауға ниетті екенін жеткізді.

«Журналистің құқығы шектелмеуі керек! Сұрақ қою – қылмыс емес, сұхбат алу – журналистің кәсіби құқығы! Біз өз құқығымызды соңына дейін қорғаймыз. Үндемей қалмаймыз, әділдік үшін күресеміз!» – деп жазды Айнұр Асанберді.

Сондай-ақ журналист қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеру қиындап бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Оның пікірінше, саяси, діни немесе әлеуметтік тақырыптарды қозғаған материалдардан кейін сотқа шағым түсіру немесе жарияланымды алып тастауды талап ету жағдайлары жиілеген.

Айнұр Асанберді журналистің міндеті тек жағымды жаңалықтарды жариялаумен шектелмеуі керектігін атап өтті. Ол қоғамдағы проблемаларды ашық талқылау мен сөз бостандығын сақтаудың маңызын жеткізді.

«Сөз бостандығы тек қағаз жүзінде қалмаса екен», – деп түйіндеді журналист.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0