Дчеки Чан құттықтады: Михаил Шайдоров гала-концертте өнер көрсетті
Олимпиада ойындарының чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Милан және Кортина-д’Ампеццо XXV қысқы Олимпиада ойындарының гала-концертінде өнер көрсетті.
Қазақстандық спортшы мұз айдынына «Кунг фу Панда» стилінде шығып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Бағдарламаның соңында, әлемге танымал киножұлдыз Джеки Чан алаңға арнайы шығып, Михаил Шайдоровпен кездесіп, оған ризашылығын білдіріп, құттықтады.
Еске салайық, Михаил Шайдоров 14 ақпан күні ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жекелей сында топ жарып, ел қоржынына араға 32 жыл салып қысқы Олимпиада ойындарының кезекті алтын жүлдесін сыйлады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0