«Денесін малша мыжғылаған»: Түркістан облысында сұмдық жағдай орын алды
Түркістан облысында тағы да жантүршігерлік қылмыс болды. Бұл жолы Сайрам ауданының тұрғындары бір-бірімен ерегесіп, соңы жаппай төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Sadaq.kz. сайты Orda.kz. -ке сілтеме жасап.
20 жастағы Ақбаржан Әбдімәжитовтің ата-анасы бір апта бұрын баласынан айрылып қала жаздады. Бәрі де ауданда өткен көкпар ойынынан басталды дейді жас жігіттің ағасы. Айтуынша, спорттық сайыста Ақбаржан өзінен 4 жас үлкен жігіт ерегесіп қалған.
«Күндіз көкпар ойын алаңында Азиз деген баламен Ақбаржан ерегесіп қалған. Кешке қарай Азиз есімді бала Ақбарға телефон соғып, сағат 21:00-де мектептің алдына шақырған. Біздің бала ол жерге барған кезде 25-30 шақты адам болған. Ақбаржанды ұрып-соғып, талып қалғанша жәбір көрсеткен және баланың басынан теуіп 5-10 минут қинаған», – дейді Ақбаржанның ағасы Мамадкарим Ниязтаев.
Ақбаржанның ағайындары өлім мен өмір арасында жатқан жігітті Қарабұлақ ауылындағы мал соятын аумақтан таптық дейді. Айдалада екі сағат бойы жатқан әлсіз денені түнгі он екіде ауруханаға алып келіп, ауруханаға жатқызған. Ол комаға түсіп кеткен. Бас ми жарақатын алған жігіт бір апта бойы жансақтау бөлімінде ем алып, енді палатаға ауыстырылыпты. Алайда, әлі де есін жимаған.
«Жалпы үш науқас келген. Медициналық көмекке жүгініп. Оның ішінде біреуі жағдайы ауыр жағдайда болған. Ол сол уақытта тексерулерден өткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Бір науқас жағдайы орташа ауырлықта жарақат бөліміне ем алуға жатқызылған. Бір науқас қанағаттанарлық жағдайда амбулаториялық емге жіберілген», – дейді Сайрам аудандық ауруханасының дәрігері Фаррух Шадиев.
Басты жәбірленуші тергеушілерге оқиғанын мән-жайын айтып беруге әзірге шамасы жетпейді. Өйткені екі сөздің басын әрең қосып жатыр дейді жақындары. Жалпы бұл төбелесте бес адам зардап шегіпті. Олардың бәрі де Ақбаржанмен бірге барған достары. Бірінің мұрны сынып, екіншісінің ерні жыртылған. Олар 30 шақты адам жиналған қарсы топпен сөйлесу үшін бесеуі ғана барған дейді жәбірленуші тарап.
«Шақырған жігіттердің қолдарында пышақ, біреуінде пистолет, қолға тағып ұратын кастет болған дейді. Ал бұл бесеуінің қолында ешқандай қару болмаған. Бізде қазір қауіп көп. Өйткені адамды ұрып- соғып, денесін малша мыжғылап, айдалаға алып барып тастағандар сол күйі жауапқа тартылмады. Қамауға алынғанымен үйлеріне жібере салды», – дейді жәбірленушінің әкесі Шавкад Усманов.
Ақбаржанның жақындары жігітті ұрып-соққандардың сол күйі жазаланбағанына ашынып отыр. Сөздерінше, екі жігіт қана күдікке ілініп, екеуі де үйқамаққа жіберілген. Жігіттің туыстары адамды аяусыз сабап, кейін оны ұрлағаны үшін жауапқа тартылуын талап етеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
1
Жарайсың
0