Депозиттерге салық салынбайды - министр
Азаматтардың банктердегі депозиттеріне салық салынбайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz сайты
«Ол идеядан бас тарттық. Депозиттердің бәріне салық салынбайды», - деді ол Сенаттағы Үкімет сағатынан кейін.
Бұған дейін Мәжілісте депозиттерге салық салу туралы мәселе қаралған болатын.
«Жыл сайын 40-50 млн теңгеден астам табыс табатын жеке тұлғаларға жеке табыс салығын прогрессивті шкаламен салу туралы ұсыныс қаралып жатыр. Сондай-ақ, пассивті табысы барларға, яғни, депозиттер мен құнды қағаздар инвестициясына прогрессивті салық салынуы мүмкін», - деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?