Депутат Дәулет Тұрлыхановтың сотталған ұлы тойда жүр: Енді жазасы ауырламақ
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың сотталған ұлы Нұрасыл Болат Алматыда туған күн кешінде көзге түсті. Ол бұған дейін екі жыл бас бостандығын шектеу жазасын алған еді. Бұл туралы sadaqmedia.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнеролик авторының айтуынша, кадрларда Нұрасыл Болат түнгі уақытта басқа қалада салтанатты жиында жүр.
«Ең қызығы, ол жазасын Астанада өтеп жатыр. Ал жиын Алматыда өтті», – делінген видео жазбасында.
Нұрасыл Болатқа екі жыл бас бостандығын шектеу туралы үкім шықты. Заң бойынша Болат пробациялық бақылауда болуы керек. Құқық қорғау органдары депутаттың ұлының заң бұзғанын растады.
«Сотталған адам бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтейді. Алматы қаласының пробация қызметінде есепте тұр. Пробациялық бақылауды бұзғаннан кейін ескертулер жасалды. Бас бостандығынан айыру жазасын ауыстыру үшін сотқа материалдар дайындалып жатыр», – делінген Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарламасында.
Белгілі болғандай, Нұрасыл Болат бір күн бұрын блогер Арай Ысқақованың туған күнінде болған. Қыздың өзі оның тарапынан ешқандай заң бұзушылықтар болмағанын айтты.
«Заң бойынша Нурикке кешкі онға дейін қалаған жерінде болуға рұқсат етіледі. Видеода менің қонақтар алдына жаңа ғана шыққаным көрініп тұр. Бұл кештің басы болды. Егер нақты сұралса, мен бейнежазбаларды зерттеп, кімнің қай уақытқа дейін болғанын тексеруді ұсынамын. Сіздер сондай ақылдысыздар ғой», – деді ол.
Ол сондай-ақ бұрын мәжілісменнің ұлының қолынан зардап шеккен заңгер Анна Черноваға ұнамсыз сөйледі.
«Алматыда Нуриктің ешқандай мәселесі жоқ. Одан да Талғардың мәселесін қозғаңыз. Маған Анна Чернованың Instagram парақшасына видеоны осылай салғаны ұнамады. Жеке тұлға ретінде бұл мен үшін жағымсыз әсер қалдырды. Сіз өз ісіңіздің кәсіпқойысыз ғой, менің бетімді жабуға болатын еді», – деп қосты Арай Ысқақова.
Сіздің реакцияңыз қандай?