Депутат: «Футболды халықтың ақшасынан қаржыландыруға қарсымын»

Наурыз 18, 2026 - 17:38
chat_bubble  0 visibility  1
Депутат: «Футболды халықтың ақшасынан қаржыландыруға қарсымын»
Фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов футболды бюджеттен қаржыландыруға қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Депутат журналистердің “Астана” футбол командасына қатысты сұрағына жауап берді. Ол бір қаланың бір командасын қаржыландырсақ бүкіл елдегі барлық клубтарды қаржыландыруға тура келетінін атап өтті.

“Менің жалпы ойым – футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс емес. Барлық елдерде футбол – бұл бизнес, адамдар футбол арқылы ақша табады. Сол себепті біз футболды қаржыландыруымыздың қажеті жоқ. Әсіресе құрамында легионерлер ойнаса. Ал "Астана" клубы басқа командалардан қандай артықшылыққа ие? Егер біз осы клубты қаржыландыратын болсақ, онда басқа командаларды да дәл солай қаржыландыруымыз керек. Сондықтан "Астана" командасына артықшылық беріп, бір қаланың бір командасын "Самұрық-Қазына" бүкіл халықтың ақшасына қаржыландыруға мен қарсымын. Бұл әділеттілікке жатпайды”, – дейді Мұрат Әбенов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0