«Діншілдер «Алла жоқ!» деген сөзім үшін ұрып-соғып кетті» - Академик
ТикТок әлеуметтік желісінде «Академик» деген атпен жалпақ жұртқа танымал азаматты діндарлар соққыға жығып, ұрып кетті деп хабарлайды Democrat.kz.
ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода Академик: «Мені радикалды діншілдер «Алла жоқ!» деген сөзім үшін ұрып-соғып кетті. Олардың үстінен тиісті органға арыздандым» деп мәлімдеді.
Академик атымен ТикТокта танымал болған азамат тікелей эфирлерде қазақ ұлтының ұлттық құндылықтарын насихаттап, ел тарихының сырларын тереңнен ашып айтып отыратын.
Мұнан бөлек, ол қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпына байланысты көптеген тың дүниелерімен бөлісетін.
Діндарларға мұндай азаматтар неге жақпайды? Себебі — ұлтты жойып, діни халифат құрып, әйелдерді жаншып, езіп, өздерін құдай еткісі келетін еркектерге қазақ деген ұлттың болуы ұнамайды. Бұл ащы-шындық .
Сөзімізге дәлелді мыңдап келтіре аламыз. Алысқа бармай-ақ, Бас мүфти Наурызбай қажының өзі әр сөзінде тарихты бұрмалап, «салт-дәстүр, ырым-тыйымдарымыздың бәрі шариғаттан алынған деп» шімірікпей айта береді.
Мүфтидің көпе-көрінеу бұл өтірігіне «ей, тоқтат!» дейтін ешкім болмаған соң, оның соңынан ерген басқалары да емін-еркін аузына келгенін көкітуді әдетке айналдырды.
Қазақ деген ұлтқа қалай болса, солай тіл тигізіп, қорлап, мазақ етіп жүрген діншілдер «Алла жоқ!» деген азаматты көкала қойдай тепкілеп кетуі — ҚМБД-ның «керемет жұмысының» жемісі емес пе?
Діншілдер қазақ деген ұлтты қорласа да, жақ ашпаған мүфтият пен оның шабармандары «Алла жоқ» дегенге шамданған діндарларын тізгіндемесе, бұның арты жақсылыққа апармайтыны анық.
Сіздің реакцияңыз қандай?