Duolingo акциялары төмендеді: Қазақ инновациясы әлемдік компанияларға қауіп төндірді

Қараша 13, 2025 - 12:25
Duolingo акциялары төмендеді: Қазақ инновациясы әлемдік компанияларға қауіп төндірді
Фото: Chingiz Ainabekov парақшасынан

Duolingo (NASDAQ: DUOL) компаниясының акциялары 40,84%-ға құлдырап, $192,80 деңгейіне дейін түсті. Сарапшылар мұны соңғы уақытта танымалдыққа ие болған қазақстандық білім беру қосымшасы Aleem жобасымен байланыстырып отыр, деп жазады sadaq.kz.

Aleem — қазақстандық оқушылар әзірлеген EdTech саласындағы инновациялық жоба. Қосымша тіл үйретудің жаңа тәсілдерімен ерекшеленіп, қысқа уақытта әлеуметтік желілерде кеңінен тараған.

Инвесторлар Aleem секілді жергілікті әрі креативті жобалардың дамуы Duolingo секілді халықаралық компаниялардың нарықтағы үлесіне әсер етуі мүмкін деп алаңдаулы.

Айта кету керек, Duolingo акцияларының соңғы апталарда шын мәнінде төмендегені рас, ал Aleem жобасы туралы ақпарат — әзірге қолданушылардың арманы мен қиялынан туған идея.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow