Джеки Чанның жаңа фильмі Маңғыстауда түсірілуі мүмкін

Қараша 24, 2025 - 17:22
Джеки Чанның жаңа фильмі Маңғыстауда түсірілуі мүмкін
Фото: AP Photo/ Wally Santana

Қазақстанда әйгілі актер Джеки Чанның фильмнің түсіріліміне дайындық басталды. Негізгі түсірілім алаңы ретінде Маңғыстау облысы қарастырылып отыр, деп хабарлайды sadaq.kz.

Облыстық туризм басқармасының мәліметінше, әйгілі «Armour of God: Ultimatum» франшизасының жаңа бөліміне жауапты түсірілім тобы Ақтауға келіп, қаладағы және аймақтағы табиғи локацияларды қарап жүр.

1986 жылы алғаш көрсетілген бұл фильм Джеки Чанның шығармашылығындағы ең маңызды жобалардың бірі саналады. Аңызға айналған фильмнің ондаған жылдардан кейін қайта қолға алынуы әлем жанкүйерлерінің қызығушылығын арттырып отыр. Маңғыстаудың түсірілім алаңы ретінде таңдалуы – қазақстандық киноиндустрия үшін айтулы оқиға болуы мүмкін.

Түсірілім тобы өңірге келген күні Маңғыстау облысының әкімімен кездесті. Жиында түсірілім процесін өңірде ұйымдастыруға қатысты мәселелер және қажетті қолдау шаралары талқыланды.

Жоба толық бекітілген жағдайда, Маңғыстау әлемдік кино тарихында өз орнын алады – өңір Джеки Чан қатысатын ірі халықаралық экшн-фильмге алғаш рет түсірілім алаңы болмақ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow