Екібастұзда жер үй өртеніп, 6 адам тірідей жанып кетті

Қайғылы оқиға Павлодар облысы Солнечный кентінен жеті шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде болған, деп хабарлайды sadaq.kz.
Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД-ның, ГРЭС-2 МӨҚҚ өртке қарсы құралымдарының, сондай-ақ Солнечный кентінің өрт сөндіру бекетінің күші мен техникасы дереу жеткен. Өртті сөндіру барысында сыйымдылығы 27 литр болатын 8 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылған. Жалынмен күреске жеке құрамның 30-ға жуық қызметкері және 10 техника бірлігі тартылған.
Құтқарушылар келген сәтте тұрғын үй толықтай өртке оранғаны анықталды. Өрт салдарынан шатырдың жартысы опырылып түскен. Жалын сонымен қатар іргелес қосалқы құрылыстарға таралып, жалпы ауданы 920 шаршы метрді қамтыған. Өрт кезінде үйде жеті адам болған. Олардың бірі – 1972 жылы туған ер адам – өз бетінше сыртқа шығып үлгерген. Ол жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнынан 6 адамның мәйіті табылды. Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






