Екінші маусым: Бишімбаев сотының жалғасы 26 маусымда тікелей эфирде өтетін болды

Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті.

Маусым 21, 2024 - 17:26
Маусым 21, 2024 - 17:29
 0  85
Екінші маусым: Бишімбаев сотының жалғасы 26 маусымда тікелей эфирде өтетін болды
Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

ҚР Жоғарғы соты  Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түскенін мәлімдеді, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«ҚР Жоғарғы соты республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырып жатыр. Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті», - делінген хабарламада.

Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді. 

Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0