Экология министрлігі Іле-Балқаштағы жолбарысқа қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Тамыз 5, 2026 - 17:49
 0  12
Экология министрлігі Іле-Балқаштағы жолбарысқа қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрлігі желіде тараған «жолбарыс» фотосы шындыққа сәйкес келмейтінін ескертті.

— Әлеуметтік желілерде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында табиғатқа жіберілген жолбарыс түсірілді деген ақпаратпен фотосурет тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, — делінген министрлік хабарламасында.

Жарияланған суретте жасанды интеллект (AI) арқылы жасалған болуы мүмкін белгілер байқалады.

— Табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығы спутниктік GPS-ошақпен жабдықталған. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары оның орналасқан жері мен жағдайын тәулік бойы үздіксіз бақылауда ұстайды. Сондықтан жануардың «кездейсоқ түсірілгені» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, — делінген хабарламада.

Министрлік азаматтар мен БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0