Экс-судьяны өлтірген күдіктілер Мәскеуде ұсталды
2024 жылдың маусым айында мәйіті Германияда табылған судья Айгүл Сайлыбаеваны өлтірген күдіктілер Мәскеуде ұсталды, дегенмен олардың Қазақстанға экстрадициялануы ұзаққа созылуы мүмкін, деп хабарлайды sadaq.kz.
Еске салайық, Айгүл Сайлыбаева – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Астанада қаласындағы «Сарыарқа» аудандық сотының бұрынғы судьясы. Марқұм шетел азаматына тұрмысқа шығып, Германияға қоныс аударған. Былтыр жазда үш жастағы қызын балабақшаға апарған күйі жоғалып, мәйіті 16 маусым күні Бенсхайм қаласындағы көлдің жағасынан табылды. Қылмыскерлер денесін қара пакетке салып кеткен.
Ағасы Қанат Сайлыбаевтың айтуынша, Александр Донцов пен оның анасы Наталья Мәскеуде полицияға жеткізілген. Аталған тұлғалар – марқұм Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі.
«Александр Донцов пен оның анасы Натальяның жеке тұлғалары анықталып, Мәскеуде полицияға жеткізілгені туралы ақпарат түсті. Қазір оларды Қазақстанға беру мүмкіндігі мәселесі қаралатын болады. Дипломатиялық қиындықтар мен бірнеше азаматтықтың болуы ескерілетіндіктен, барлық рәсімдер ұзақ уақыт алуы мүмкін» – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0