«Ел не десе де, мән берме»: Алмас Кішкенбаев қамаудан кейін жаңа әнімен шығармашылыққа қайта оралды

Сәуір 25, 2025 - 16:39
Сәуір 25, 2025 - 16:40
«Ел не десе де, мән берме»: Алмас Кішкенбаев қамаудан кейін жаңа әнімен шығармашылыққа қайта оралды

Танымал әнші Алмас Кішкенбаев Instagram парақшасында сахнаға қайта оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ол «Қымбат» деп аталатын жаңа әнін көп ұзамай ұсынатынын айтып, тыңдармандарына жүрекжарды үндеу жолдады.

«Қымбаттыларым! Жуырда жаңа әнім жарық көреді. Қолдауларыңызға үлкен үміт артамын», – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Бұл туынды Кішкенбаевтың шығармашылыққа қайта оралуын білдіреді. Әншінің айтуынша, «Қымбат» — оның өмір жолын және жүрегіндегі терең сезімдерін бейнелейтін туынды. Жанкүйерлер тарапынан жаңа әнге деген қызығушылық күн санап артып келеді.

«Жалғыз жүрсең, сөз де көп ереді», «Жарқырап жүріңіз! Сынбаңыз! Сізді сынақтар сындырмасын! Біз сізді жақсы көреміз»,«Ел не десе де, мән берме. Алға баса бер», деп жазып жатыр көпшілік.

Еске салайық, 2025 жылдың ақпан айында Алмас Кішкенбаев әкімшілік құқықбұзушылық үшін 15 тәулікке қамауға алынған болатын. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Алайда қиын кезеңнен кейін әнші сахнаға жаңа эмоциялармен және тың шабытпен қайта оралып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow