«Елім деп соққан жүрегіңнен»: ұйқысынан атып тұрып, әнұранға құрмет білдірген бүлдіршіннің кім екені белгілі болды
Еліміздің ең кішкентай патриоты – Медина Қанағат Түркістанда тұрады
Tiktok әлеуметтік желісінде тәтті ұйқысын қиып, әнұранға құрмет көрсеткен бүлдіршіннің видеосы тарады.
"Кейінгі ұрпақтарымыз осындай елін сүйер патриот болсын", "Әлия, Мәншүк Мәметова сияқты қыз болады-ау", "Осындай ұрпақ көп болса, еліміздің болашағы жарқын", "Елім деп соққан жүрегіңнен", - деп жазды желі қолданушылары.
TURKISTAN телеарнасының мәліметінше, еліміздің ең кішкентай патриоты – Медина Қанағат Түркістанда тұрады. Медина ұйқысынан тұрып, патриоттық сезімін білдірген сәттің әлеуметтік желіде видеосы тараған. 2 жастағы Медина есімді бүлдіршін балабақшаға барады екен.
Ал видеоны таңертең анасы түсірген көрінеді. Ата-әжесінің айтуынша, Мединаның патриоттығы әкесіне ұқсаған. Әкесі талай спорттық жарыстарда топ жарған азамат екен.
"Бір жастан асқан уақытында көк туды көрсетіп, әнұрында қойып бер дейтін. Жүрегіне қолып, қойып билейтіні де бар", - дейді Мединаның әжесі.
Сіздің реакцияңыз қандай?