Еліміз Ресеймен бірігіп шегірткемен күреспек

Наурыз 18, 2026 - 17:05
chat_bubble  0 visibility  0
Еліміз Ресеймен бірігіп шегірткемен күреспек
Фото: Pixabay

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты іс-қимыл аясында шекаралас аумақтарда шегіртке зиянкестерінің таралуын болдырмау мақсатында 2026 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оған қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Мұндай шешім АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті мен РФ АШМ өкілдерінің қатысуымен өткен кеңес қорытындысы бойынша қабылданды.

Жиын барысында ағымдағы фитосанитариялық жағдай мәселелері, сондай-ақ мониторинг жүргізу, үйірлі шегірткелерінің ошақтарын дер кезінде анықтау және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытындағы өзара іс-қимылды күшейту тетіктері қаралды.

Екі елдің бейінді қызметтерінің жұмысын үйлестіруге және вегетациялық кезеңде жедел ақпарат алмасуды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жоспарды іске асыру тараптар іс-қимылдарының үйлесімділігін қамтамасыз етуге, жүргізілетін қорғау шараларының тиімділігін арттыруға, шегіртке зиянкестерінің таралу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ фитосанитариялық қауіпсіздікті нығайту мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін сақтауға септігін тигізеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0