Еліміз құны 80 млрд теңгеден асатын әскери ұшақ сатып алды

Желтоқсан 5, 2024 - 17:28
Еліміз құны 80 млрд теңгеден асатын әскери ұшақ сатып алды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Алматыға Қазақстан Қарулы Күштері үшін 145 миллион еуроға (80 миллиард теңгеден аса) сатып алынған ұшақ жеткізілді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Airbus Defence and Space компаниясымен 2021 жылы жасасқан келісімшартқа сәйкес, екінші ұқсас ұшақ 2026 жылы жеткізіледі, деп хабарлайды sadaq.kz.

Әскери-көлік ұшағының салмағы 37 тоннаға және толық тиелген кезде ұшу қашықтығы 3,3 мың км-ге дейін жетеді. Еліміз әлемде осындай ұшағы бар тоғызыншы мемлекет.

Airbus A400M — әртүрлі міндеттерді шешуге қабілетті әмбебап ұшақ. Ұшақ ауыр техниканы, оның ішінде бронетранспортерлерді, артиллериялық қондырғылар мен тікұшақтарды тасымалдайды.

Сондай-ақ ұшақ төтенше жағдайларда гуманитарлық көмекті жедел жеткізу, әскерлерді эвакуациялау және тасымалдау үшін де пайдаланылады.

«A400M әскери және гуманитарлық миссияларды шешудің маңызды құралы. Бұл ұшақ Қазақстанның халықаралық бітімгершілік миссияларына қатысуының жаңа перспективаларын ашып, әлемдік аренадағы мәртебемізді арттырады», – деді Әскери-әуе күштерінің бұрынғы қолбасшысы, запастағы генерал-майор Алсай Жұманов.

Оның айтуынша, ресейлік Ил-76 әскери-көлік ұшағының жүк көтергіштігі 60 тоннаға дейін жетеді. Дегенмен, ол «отын тиімділігі мен заманауи технологиялар» бойынша Airbus A400M-ден төмен.

Америкалық C-130 Hercules моделінің жүк көтергіштігі небәрі 20 тонна, ал толық тиелген кезде оның ұшу қашықтығы 2000 шақырым.

«Мысалы, C-17 Globemaster III ауыр көлік ұшағын пайдалану A400M-ге қарағанда әлдеқайда қымбат және орташа көтеру миссиялары үшін әмбебап емес», – деді сарапшы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow