Елімізде бір тәулікте бес орман өрті тіркелді

Тамыз 25, 2026 - 12:09
chat_bubble  0 visibility  3
Елімізде бір тәулікте бес орман өрті тіркелді
Фото: Экология министрлігі
24 тамызда Қазақстан бойынша бес орман өрті тіркелді. Өрттердің басым бөлігі Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында болған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өңірлер бойынша:

  • Ақтөбе облысы – 1 өрт;
  • Қарағанды облысы – 1 өрт;
  • Батыс Қазақстан облысы – 1 өрт;
  • Қостанай облысы – 1 өрт;
  • Семей МОТР – 1 өрт.

Қазіргі уақытта орман алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі жағдайына әуеден және жерүсті бағытта тұрақты бақылау жүргізіліп жатыр. Өрт белгілері анықталған жағдайда тиісті күштер мен құралдар оқиға орнына жедел жіберіледі.

"Өрт ошақтарында орман шаруашылығы қызметкерлері мен "Қазавиаорманқорғау" мамандары жұмыс істеп жатыр. Негізгі мақсат – өрттің таралуына және көршілес аумақтарға өтуіне жол бермеу, сондай-ақ жалынды толық сөндіру", деді Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Мамандар өртті оқшаулап, жанған аумақтарды қауіпсіздендіру және қайта тұтанудың алдын алу бойынша шаралар қабылдап жатыр.

ТЖМ тұрғындар мен табиғат аясына демалуға шығатын азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға үндеді. Орман және дала аумақтарында от жаққан кезде абай болып, отты қараусыз қалдырмау қажет. Демалыс орнынан кетер алдында оттың толық сөндірілгеніне көз жеткізу маңызды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0