Елімізде қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыратын киім киюге тыйым салынды

Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жауып жүруге ресми түрде тыйым салынды.
Тоқаев бетті тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заңға қол қойды.
Бұл шара қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Жаңа талап бойынша, енді адамдардың түрін жасыратын киіммен көшеде, мекемелерде және басқа да қоғамдық орындарда жүруге болмайды.
Алайда кейбір жағдайларда мұндай киімді киюге рұқсат етіледі: ️
Медициналық көрсетілімдер бойынша; ️
Қызметтік міндеттерді орындау барысында; ️
Спорттық және мәдени іс-шараларға қатысқанда және өзге де ерекше жағдайларда.
Сіздің реакцияңыз қандай?






