Елімізде көктемнің алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Ақпан 27, 2026 - 15:08
 0  26
Елімізде көктемнің алғашқы күндері ауа райы қандай болады
фото: pixabay.com

Синоптиктер 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстанда күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Метеорологтардың мәліметінше, күнтізбе бойынша көктем жақындағанымен, алдағы күндері ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етіп, жауын-шашынсыз аязды күн райы сақталады.

2 наурыздан бастап еліміздің батыс өңірлеріне циклон жылжи бастайды. Соның әсерінен қар жауып, боран соғады, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Сондай-ақ жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп жоғарылауы ықтимал.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0