Елімізде шаштараз қызметі бір жылда 2,5 есе қымбаттаған

Республика бойынша ерлердің шаш қиюының орташа бағасы - 3 645 теңге.

Маусым 25, 2024 - 09:31
Маусым 25, 2024 - 09:32
 0  79
Елімізде шаштараз қызметі бір жылда 2,5 есе қымбаттаған
Фото: astanatv.kz

Елімізде шаштараз ақысы бір жылда 2,5 есе өскен. Бірақ, оған ешкім қарап жатқан жоқ. Биылдың өзінде 19 млрд теңгеге қызмет көрсетілген, деп хабарлады Астана арнасы.

 Құдіретұлы 5 жылдан бері шаш қиып, напақасын тауып жүр. Айтуынша келушілердің қатары тым көп. Дені -жастар. Тіпті, бір апта бұрын жазылып қоятындар бар көрінеді.

«Көбінесе жастар модельный дейді, цезарь дейді, нөлден переход дейді сондай үлгілер. Күніне жалпы 15-10 адам арасында аламыз. Бір адамның шашына 1 сағат 40 минут уақыт бөлінеді. Жалпы біз шаш алып қана қоймай, беттеріне маскасын жасап береміз», - дейді барбер Медет Құдіретұлы.

Қызмет ақысы әр өңірде әртүрлі. Республика бойынша ерлердің шаш қиюының орташа бағасы -3 645 теңге. Көш басында Алматы тұр. Содан кейін Астана, Шымкент.

Ал, ең арзан баға Оралда. Бағадан бұрын адамдардағы талғам да түр-түрлі. Мәселен біреу апта сайын шаш қияды, біреуге қымбат қызмет ұнайды. Енді бірі ақша үнемдеп айына бір барады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0