Еліміздің бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауады

Қазан 1, 2026 - 11:30
chat_bubble  0 visibility  8
Еліміздің бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауады
Фото: Ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 1-3 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

1-3 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Жаңбыр жауады, елдің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, жел күшейеді. Елдің батысында ауа температурасы түнде -1…-6°С-қа дейін, күндіз +3…+8°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25°С-тан +5…+15°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының негізгі фоны +13…+23°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С, таулы аймақтарда +10…+15°С болады, - деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0