Еліміздің үш ірі мегаполисінде қоқыс өртейтін зауыт салынады

Үш жоба да шетелдік инвестиция есебінен жүзеге асады

Қараша 25, 2025 - 11:03
 0  15
Еліміздің үш ірі мегаполисінде қоқыс өртейтін зауыт салынады
Фото: istockphoto.com

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 293 миллиард теңгеге 3 қоқыс өртейін зауыт салынады. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Астана, Алматы және Шымкент қалаларында толықтай шетелдік инвестициялар есебінен 3 қоқыс өртейтін зауыт салу жоспарланып отыр. Биыл инвесторлармен тиісті келісімдерге қол қойдық. Инвестициялардың жалпы көлемі – 293 миллиард теңге», - деді Әлиев Үкімет отырысында.

Зауыт құрылысы екі жылға созылады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0