Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны «Алтын адам» бейнесінде дауыс берді

Наурыз 15, 2026 - 12:44
chat_bubble  0 visibility  1
Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны «Алтын адам» бейнесінде дауыс берді
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары республикалық референдумға қатысу барысында ұлттық символдар мен бейнелерден шабыт алып, креативті көзқарас танытуда, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Есік қаласындағы №123 сайлау учаскесінде дауыс беру барысында тұрғындардың назарын ерекше қатысушы аударды - Қазақстан тарихы мен мәдениетінің маңызды символдарының бірі саналатын Алтын адам бейнесіндегі азамат. Қала тұрғыны сайлау учаскесіне «Алтын адам» бейнесінде сәнделген костюммен келіп, мерекелік көңіл-күй сыйлап, жиналғандардың қызығушылығын тудырды.

Акцияға қатысушының айтуынша, оның таңдауы елдің болашағына өз үлесін қосуға деген ұмтылыстан туындаған.

«Мен ең дұрыс жолды таңдадым – өз елімнің болашағына бейжай қарамай, оның дамуына белсенді қатысу. Менің ата-бабаларым да кезінде маңызды шешімдер қабылдаған, мен олардың аманатына адал болуға тырысамын. Бүгін дәл “Алтын адам” бейнесін таңдағаным да кездейсоқ емес. Бұл бейне халқымыздың тарихын айшықтап, жерлестерімнің бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлттық рухты нығайтады», — деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0