Еркебұлан Тоқтар дертті болған оқырманына жарты гонорарын аудара салды (ВИДЕО)
Аралас жекпе-жек шебері әрі актер Еркебұлан Тоқтар онкологиялық ауруға шалдыққан анасына емге ақша жинап жүрген оқырманына көмектесіп, көпшіліктің алғысына ие болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға спортшының Instagram парақшасында жариялаған әсерлі видеосынан кейін жұрт назарын аударды. Бейнежазбада Еркебұлан Тоқтар Жасқанат есімді оқырманының анасы қатерлі ісікпен күресіп жатқанын айтып, емге қажет 50 мың доллар – шамамен 23,5 миллион теңге жиналып жатқанын көрсеткен.
Видео барысында Еркебұлан Тоқтар Nomad Fighting ұйымының президенті Мұхамеджан Қонысбековке хабарласып, шілде айында өтетін жекпе-жегі үшін берілетін гонорардан алдын ала 50 мың доллар беруді сұраған.
«Менің оқырманымның анасы онкологиялық дертке шалдыққан. Қазір оларға ем үшін шұғыл түрде қаражат қажет», — деді спортшы.
Көп ұзамай қажетті қаражаттың 26 мамыр күні табысталатыны белгілі болды. Жасқанат та әлеуметтік желіде видео жариялап, қолдау көрсеткен жандарға алғысын жеткізді.
«Қуаныштан жылап отырмын, қолым дірілдеп кетті. Көмектескен баршаңызға үлкен рақмет», – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0