«Еркекпін дейді-ау»: Арада бала болмағанын айтқан Бадықованың бұрынғы күйеуі сынға қалды

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Аман Тасығанға берген сұхбатында арадағы бала туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Дархан Мұсаевтың сөзінше, араларында бала болмаған.
“Арамызда бала жоқ. Бір қызы бар деген ол Дариғаның туған әпкесі бар бір жас үлкен соның қызы. Соны 4-5 жасынан бастап асырап алған. Бауырымызға бастық”, – деді ол.
Желі қолданушылары Дархан Мұсаевтың бұл айтқанына қатысты түрлі пікір жазды.
“Қызға ауыр болды, күшік алдық үйге дегендей жаман қылды”, “Дариға бедеу екен ғой”, “Қарашашты асырап алдық демей, өз қызым деп айтса болады ғой қызға травма қалдырмай”, “Бала болмаса не қиналып отырсың, нені қимай отырсың”, “Еркекпін дейді-ау”, деді желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз қандай?






