«Ерлер Раймнан үлгі алсын!»: Ерке Есмаханның күйеуі қамқорлығымен елді тәнті етті

Тамыз 28, 2025 - 09:54
«Ерлер Раймнан үлгі алсын!»: Ерке Есмаханның күйеуі қамқорлығымен елді тәнті етті
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық әнші Raim әлеуметтік желідегі парақшасында мотоциклдермен түсірілген бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрларда таулы жолмен екі мотоциклдің қатар келе жатқанын көруге болады. Біріншісінде – Ерке Есмаханның ұлы Мүслім отыр. Ал артта келе жатқан байкердің жүзі анық көрінбегенімен, көпшілік оны Raim деп топшылады.

Видео соңында екінші жүргізуші тасқа соғылып, құлап қалады. Роликке тек «29.08» деген қысқа ғана жазба қалдырылған. Аталған бейнематериал желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды.

Бірі мұны Raim-ның жаңа бейнебаянына жасалған жарнама деп болжаса, енді біреулер әншінің әкелік қамқорлығына тәнті болды. 

«Өз баласына көңіл бөлмейтін ерлер Раймнан үлгі алса игі», – деген пікірлер де жазылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow