Ерлі-зайыпты блогерлер ұтысқа 10 көлік тікті: министрлік тексеріс бастады

Туризм және спорт министрлігі танымал ерлі-зайыпты блогер - Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланған 10 көліктің ұтыс ойынына байланысты мәлімдеме жасады. Министрліктің баспасөз қызметі бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынына байланысты тексеріс бастағанын жазды.
"Туризм және спорт министрлігінің жанындағы құмар ойындар мен лотерея қызметін реттеу комитетіне азамат С.-дан жоғарыда көрсетілген блогерлер ұйымдастырған лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру жөнінде өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта азамат Жанабыловқа ӘҚБтК-нің 743-бабының 1-бөлігіне сәйкес түсініктеме беру қажеттілігі туралы хабарлама жолданды, оның нәтижелері бойынша әкімшілік іс қозғау мәселесі қаралатын болады", - делінген хабарламада.
Министрліктің айтуынша, түсініктеме болмаған жағдайда, комитет әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалады.
Айтай кетейік, 8 млн-нан астам оқырманы бар блогерлер бірнеше күн бұрын 10 көліктің ұтыс ойыны туралы ақпаратты жариялаған болатын. Ал ведомство Қазақстан Республикасының "лотереялар және лотерея қызметі туралы" заңға сәйкес лотерея операторы немесе лотерея таратушысы (агенті) болып табылмайтын тұлғалардың оны ойнатуға әрі сатуға тыйым салынатынын ескертеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






