«Еш сезімім болмады, оған аға ретінде ғана қарадым»: Блогер Фариза Алмазқызы экс-күйеуі Нұрсұлтан Жақсыген жайлы сұхбат берді
Фариза Алмазқызы «Тек қана қыздар» подкастында бес жыл бұрынғы оқиғаның қалай басталғаны жайында айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Подкаст блогердің әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенмен шаңырақ көтерген кезі жайлы сұраққа жауап беру сәтінен басталған. Фариза Алмазқызы бұл тақырыпта бүкпесіз жауап беруге тырысқан.
Тағы оқыңыз: «Сен сияқты әке-шешеңмен тентіреп жүрген жоқпын»: Нұрсұлтан Жақсыген 8 ай бойы алимент төлемеген
«Біз негізі қыз бен жігіт болып жүрген емеспіз. Аға жәен қарындас ретінде араласып тұрдық. Өзіміздің ортамыз болды. Жайдармандағы ағаларымызбен де аралас-құралас болғанбыз. Мен оған аға ретінде ғана қарадым. Ал оның маған деген көзқарасы басқаша болды. Дегенмен соңында қалай тұрмысқа шыққанымды білмей қалдым. Барлығы аяқ-асты болып кетті. Екі апатның ішінде той болды. Той күнін белгіледі. Бәрі тез-тез өтіп жатты. Мен бұған дайын болмай қалдым. Соңына дейін аға деп жүрдім. Жігіт ретінде қабылдаған жоқпын. Ол мені инстаграмға қарындасым деп салғаннан кейін көп хаттар келе бастады. Сырттағы ағаларымыз да жақтаған сөздерін айтты: "Сені қатты жақсы көреді", "Сені бақытты етеді" деген сияқты. Сол сәттері мен оған қалай көнгенімді білмей қалдым. Кейін ұзату кезінде ғана "Мен не істеп жатырмын? Жақсы көрмейтін адамға қалай тұрмысқа шығып жатырмын" деген ойлар келді. Енді ол кезде қонақтардың барлығы жиналып қалғаннан кейін ұят деген ұғым таңдауымды өзгертуге кедергі келтірді. Жан-жағымдағы адамдардың айтқан сөзіне еріп кеттім. Ол кезде мен "Жігіт мені жақсы көрсе болды" деген ұстанымда жүрген едім», - деді ол.
Тағы оқыңыз: «Фариза, оралшы»: әйелімен ажырасқан актер Нұрсұлтан Жақсыген отбасын сағынғанын айтып, жылап қалды
Айта кетейік, бұл Фариза Алмазқызының алғашқы сұхбаты. Биыл оның күйеуімен ажырасқанына екі жыл толды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0