«Ешқандай күмәндарыңыз болмасын»: Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті жазадан құтылмайды
Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өліміне кінәлі жауапкершіліктен құтылып кетпейді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеді. Ол күдіктінің жазадан жалтаруына ешқандай негіз жоқ екенін айтты.
Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге бір ай ішінде кешенді сараптама тағайындалады, оның ішінде есінің дұрыстығына (ақыл-есінің сау екеніне) тексеру де бар.
«Күдікті қазір Ақтас қаласында. Емдеу және сараптама шаралары аяқталған соң күдікті қайта жеткізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданады. Осыдан кейін ол заң аясында жауапқа тартылады. Бұл жөнінде ешқандай күмәндарыңыз болмасын», - деді ол.
Еске сала кетейік, күні кеше екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілгені хабарланған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0