Ескертуді елемеген: БAӘ-нен шамамен 300 қазақстандық қайта алмай отыр

Таяу Шығыстағы ахуал ушығып тұрған тұста, Қазақстан азаматтары алдын ала жасалған ескертулерге қарамастан шетелге ұшуды жалғастырған, деп жазады sadaq.kz.
Қазір шамамен 300 қазақстандық Біріккен Араб Әмірліктерінен елге қайта алмай отыр. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, өңірдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салынғаны жөнінде 14 маусымда ресми мәлімдеме жасалған. Соған қарамастан, отандық туристер БАӘ бағытындағы сапарларын тоқтатпаған.
Қазір тиісті мемлекеттік органдар, әуе компаниясы және «Туристік қамқор» қорының қатысуымен елге оралу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Министрлік өкілі шетелге шығарда, әсіресе тұрақсыз аймақтарға сапар жоспарлаған кезде, қауіпсіздік талаптарын ескеру қажеттігін тағы бір мәрте қаперге салды.
СІМ дерегінше, шетелде қалған азаматтардың нақты саны мен олардың қай күндері оралатыны жақын күндері белгілі болмақ.
Сіздің реакцияңыз қандай?






