Фатима Сұпығалиева Қазақстан тарихында дзюдодан қыздар арасындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды

Тамыз 22, 2026 - 10:11
chat_bubble  0 visibility  2
Фатима Сұпығалиева Қазақстан тарихында дзюдодан қыздар арасындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды
Фото: Дзюдо федерациясы

Фатима Сұпығалиева кадеттер арасындағы әлем біріншілігінде топ жарып, дзюдодан ел тарихында қыздар арасында алтын медаль алған алғашқы спортшы атанды. Бұл туралы sadaq.kz Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Эквадорда дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді Фатима Сұпығалиева салды. Қыздар арасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен 16 жастағы қазақ дзюдошысы финалда украиналық Ксения Кирильчуктан басым түсті. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта (golden score) анықталды.

Шешуші сәтте Фатима ұтымды әдіс жасап, қарсыласын иппонмен жеңді. Осылайша, Фатима Сұпығалиева Қазақстан дзюдо тарихында қыздар арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғабит Расулхан топ жарған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0