«Фейримен жуып, қайта береміз». Желіде жілік сүйегіне басқа май салынатыны туралы ВИДЕО тарады

Біреудің мүжіп тастаған сүйегін қайта жуа ма сонда?

Қыркүйек 9, 2024 - 12:54
 0  853
«Фейримен жуып, қайта береміз». Желіде жілік сүйегіне басқа май салынатыны туралы ВИДЕО тарады

Желіде мейрамхана асханасынан видео тарады. Онда белгісіз әйел жілік сүйектерін жуып ішіне май салатындарын айтады, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

«Жілік жеп өздерінше болатын қыздарға арналады. Мына сүйектің барлығын фейримен жудық. Енді осының ішіне май салып береміз», — дейді видео авторы.

Мұны көрген желі қолданшылары өз таңданыстарын жасыра алмады.

«Бәсе, неғылған тегін жілік деп едім», «Енді жіліктің майын жеп болған соң сүйегін пакетке салып алып кету керек болды», «Мына ханым қазақтың көзін ашып отыр», «Біреудің мүжіп тастаған сүйегін қайта жуа ма сонда?», деп жазды олар. 

View this post on Instagram

A post shared by Biga Sauytova (@bisisi_news)

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 2
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0