«Фильмнен үзінді»: Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға түсініктеме берді (ВИДЕО)

Қыркүйек 30, 2025 - 17:20
 0  23
«Фильмнен үзінді»: Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға түсініктеме берді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде әскери формадағы бір адамның оншақты сарбазды балағаттап, ұрып-соққан видеосы тараған еді. Қорғаныс министрлігі бұл видеоның қазақ әскеріне қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Аталған бейнематериал – «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген», - деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.

Министрлік БАҚ өкілдері мен ақпарат дереккөздерін фейк ақпарат таратпауға шақырып отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????? ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ (@modgovkz)

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0