Франция президенті әйелінен шапалақ жеп қалды

Франция президенті Эммануэль Макронның Вьетнамға жасаған ресми сапары барысында ыңғайсыз жағдайға тап болды, деп хабарлады sadaq.kz.
Интернетте президенттің жұбайы Бриджит Макронның ұшақтан түсер сәтте күйеуінің бетінен шапалақпен тартып жібергені бейнеленген видео тарады.
Оқиға Ханой әуежайында, ерлі-зайыпты ұшақ баспалдағымен түсейін деп жатқанда болған. Associated Press түсірген видео әлеуметтік желілерде тез тарап, қызу талқыланып жатыр.
Алғашында Елисей сарайы видеоны жасанды интеллектің көмегімен жасалған болуы мүмкін екенін айтып ақталды. Алайда кейін видеоның ЖИ емес екенін мойындауға мәжбүр болды.
Президенттің айналасындағы адамдар бұл жай ғана "отбасылық қалжың" екенін айтқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?






