Гарвардта оқитын отандастарымыз оқудан жаппай шығарылып жатыр

Ғылым және жоғары білім министрлігі Гарвард университетіне қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz .
Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды. Себебі университет өткен айда Ішкі қауіпсіздік министрлігі сұраған, шетелдік студенттердің мінез-құлқы туралы жазбаларды беруден бас тартқан. Осыған байланысты ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм өз ведомствосына Гарвардтың студенттік және айырбас бағдарламасына сертификат беруді тоқтатуды бұйырған.
Осылайша ведомство енді Гарвард "шетелдік студенттерді қабылдай алмайтынын, ал қазір оқитын шетелдік студенттер ауысуы немесе заңды мәртебесін жоюы керек" екенін мәлімдеді.
Министрліктің реакциясы
Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаев осы жағдайға пікір білдірді.
"Бүгінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвардта 7 адам білім алып жатыр. Басқа бағдарламалар немесе өз қаражатына оқып жатқан студенттер туралы мәлімет бізде жоқ. Мұндай жағдайлар бойынша тиісті сауалдар жолданады", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






