Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды

Қараша 23, 2025 - 20:29
 0  20
Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды
Фото: Ақорда

Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады.

"Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды", – делінген құттықтауда.

World Boxing конгресі Римде өтті. Головкин World Boxing президенті лауазымына сайлауға жіберілген жалғыз үміткер болды. Бұл лауазымда Геннадий Головкин нидерландтық Борис ван дер Ворстты алмастырды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0