Гүлшара Әбдіқалықованы «Ханның қызы» деген блогер сотталып кетті

Қараша 28, 2024 - 17:19
Гүлшара Әбдіқалықованы «Ханның қызы» деген блогер сотталып кетті
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев. Фото: Нұрсултан Байменов/Facebook

Қызылорда облысының аудандық соты блогер Сандуғаш Тұрлыбекованы бопсалау фактілері бойынша 4,8 жылға бас бостандығынан шектеді, деп хабарлайды sadaq.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Сот сондай-ақ оған осы аралықта әлеуметтік желіге кіруге тыйым салды.

Айта кетейік, Сандуғаш Тұрлыбекова 2020 жылы Қызылорда облысының сол кездегі әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы «Ханның қызы» деп атаған еді. Өйткені, Әбдіқалықова аймақтарды аралап жүрген кезде жолды жапқан еді.

Сандуғаш Тұрлыбекова арада төрт жыл өткенде қолға түскен. Тергеу анықтағандай, ол әлеуметтік желіде белгілі бір лауазымды атқарып отырған адамдарға қатысты сыни пост жазған. Жазбаларын өшіру үшін сол адамдардан ақша талап еткен.

Тұрлыбекованың үстінен бас-аяғы сегіз адам осы бап бойынша арызданған екен. Алайда, алты адам келісімге келіп, арыздарын қайтып алған. Екі адам істі сотқа жеткізіп, Тұрлыбекованың ақша бопсалағанын дәлелдеген.

Аудандық сот блогер әйелді 4,8 жылға бас бостандығынан шектеп, әлеуметтік желіге кіруге тыйым салды. Моральдық шығын ретінде Тұрлыбекова оларға жалпы сомасы 300 мың теңге төлеуі керек.

Соттың шешімі күшіне енген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow