Имамның үйі: Діни басқарма видео авторын тауып, кешірім сұратты

Ақпан 4, 2025 - 14:30
Ақпан 4, 2025 - 15:13
Имамның үйі: Діни басқарма видео авторын тауып, кешірім сұратты
фото: видеодан скриншот

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында Астана қаласының бас имамына қатысты жалған ақпарат таратқан такси жүргізушісінің кешірім сұраған видеосын жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

"Мен осыдан екі күн бұрын интернет желісіне Астананың бас имамының үйі деп бір видео салған едім. Ол видеоны арам, жаман оймен түсірген жоқ едім. Шындығын айтсам, TikTok-қа саламын деп түсірген едім. Сол үшін бүкіл қазақ елінен кешірім сұраймын. Астананың бас имамынан, сол үйдің иесінен кешірім сұраймын. Мен де үш баланың әкесімін, жалғыз шешем бар. Мұсылман бауырларыңызды кешіріп қойыңыздар. Шу болып кетеді деп ойламадым. Жаман оймен түсірсем видеоны өз парақшама салмайтын едім", - деп кешірім сұраған видео авторы. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері аталған үйдің имамға тиесілі емес екенін дәлелдеу үшін оның иесін тапқан болатын.

Онда сол үйдің иесі өзін таныстырып, зәулім ғимаратты өзі салғанын айтады.

"Соңғы кезде осы үй бас имамның үйі делінген видео тарап жүр. Бұл жалған ақпарат. Бұл менің үйім. Мен Нұрлан Лесбекұлы осы үйде 15 жылдан бері тұрып жатырмын. Өзім соғып, өзім кіргенмін", - дейді кадрдағы ер адам.

Осы ретте ҚМДБ өкілі де видеоға қатысты пікір білдірді.

"Соңғы кезде әлеуметтік желіде тарап жатқан жала-жалғанға нүкте қоюға тура келіп тұр. Ұстаздарымызға, имамдарымызға, руханият саласындағы майталмандарымызға түрлі жала мен жалған ақпараттар кең етек алып жатыр. Құранның тілімен айтсақ, біреудің ақысын жеу, біреуге зұлымдық жасау, біреуге әділетсіздік таныту дүниелік һәм ақыреттік үлкен азапқа себеп болатын күнә болмақ. Қоғамда ізгілік жасау қалай сауапқа кенелтсе, біреуге зұлымдық жасаудан өзін тыю да үлкен сауапқа кенелтпек", - дейді діни басқарма өкілі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow