Индира Елемес Арман Дүйсеновтің ұлының қазасына қатысты пікірін айтты
Индира Елемес ақиқаттың ашылатынына сенеді.
Танымал әнші Индира Елемес сазгер Арман Дүйсеновтің ұлының қазасына қатысты пікірін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Талқыға түскен оқиғалардан соң алғаш рет elitar.kz ақпараттық порталына сұхбат берді. Әнші бағдарламаға қатысудан бас тартқан, тек ұялғаннан барғанын айтады.
«Мен негізінде, бір Алла куә, барғым келген жоқ ол жерге. Менің студиямда үш сағаттай күтті. Мен бара алмайтынымды айттым. Бірақ үш сағат күтті… Сонымен, қайтадан енді ұят болды. «Аруағын сыйласаңыз, келесіз» дегенге келтірді. Сонымен, бардым. Барсам, шынымен де өзім ғана болдым. Енді «ұят» деген нәрсе бар ғой. Ұялғаннан кейін бардым. Барғанда да ақиқатын айттым. Мен, не жамандық айттым ол жақта? Ешқандай жаман нәрсе айтқан жоқпын. Отбасын жақсы көреді. Ол – өтірік емес. Ол – рас. Білмеймін, түсінбеймін. Бір Алла өзі реттеп қояды. Мен оған сенемін. Ештеңені де көңіліме алмаймын. Себебі, мен білемін. Арым таза!», – дейді Елемес.
Индира Елемес бұл жағдайдан соң, арының таза екенін және ешкімге ешқандай зиян тигізбегенін мәлімдеді. Ол әлеуметтік желідегі сын мен айыптаулардан қатты жараланғанын айтты. Тіпті, бірнеше күн бойы күйзелісте болғанын жеткізді.
«Енді басыма тиіп жатыр. Ешкімге қатты жаным ашып, тіпті бір жақсылық жасап тастауға болмайды екен… Осы уақыт, осы жасқа дейін ешкімге кедергімді тигізген жоқпын. Керісінше, жақсылығымды жасамасам, жамандық жасап көрмегем», – дейді әнші.
Бұл оқиғаға қатысты пікірлер әртүрлі. Марқұм Абылай Арманұлының өлімінің себебі белгісіз. Индира Елемес ақиқаттың ашылатынына сенеді.
«Ол жағдайды мен жібердім. Өйткені мен білемін. 100 пайыз. Менің арым таза. Шынымен, Алла Тағала өзі реттейді. Оның себебі неде екенін. 50/50 болып жатыр. Бірақ осы жақын арада себебі нақты айтылады. Айтылған кезде, сол жазған көптеген пікірлерге, білмеймін адамдар, сондай зұлым адамдар, қалай сондай нәрсе жазады. Үш-төрт күн үйде жатып қалдым. Бірақ сосын мен не үшін былай жатуым керек дедім. Не істеп қойдым деген секілді. Алдағы уақытта тек қана…», – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?