«Интер-қазақ бір туған»: Италиялық «Интер» клубы қазақ тілінде пост жариялады
Миланның «Интер» футбол клубының ресми парақшасы қазақ тілінде жазылған пост жариялап, қазақстандық жанкүйерлерді таң қалдырды. Бүгін, 9 желтоқсанда, «Қайрат» Грекияның «Олимпиакос» командасымен матч өткізеді, деп жазады Sadaq.kz.
«Бүгін Чемпиондар лигасы қайта оралды, ал Сан-Сиродағы соңғы команда «Қайрат»болды. Қазақстанға арналған контентті көбірек алу үшін бізді қадағалаңыз», – делінген жазбада.
Ал посттың фондық музыкасы ретінде Қайрат Нұртастың әні қойылған.
Пікір қалдырған қазақстандықтарда шек жоқ. Дені қолдап жатыр.
«Мыналарың қазақша үйреніп алыпты ғой», «Интер-қазақ бір туған», «Интерге не болған, админі қазақ па», «Тағы ән керек болса, хабарласыңдар», деп жазған олар.
Еске салайық, қараша айында италиялық «Интер» қазақ тіліндегі әнмен интернетті дүр сілкіндірген болатын. Клубтың ресми парақшасында қазіргі таңда мадридтік «Атлетико» командасының бапкері болып отырған Диего Симеоне қатысқан архивтік видео жарияланды. Роликте бұрынғы шабуылшы «Милан» қақпасына «Bayan Sulu» тобының әні ойнап тұрған сәтте гол соғады.
«Интер» мен «Қайраттың» ойыны Италияда 6 қарашаға қараған түні өтті. Матч 2:1 есебімен алаң иелері пайдасына аяқталды. Алайда осы матчта «Қайрат» тарихи гол соқты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0