Ирандағы шеруде 500-ден астам адам қаза тапты: Жағдай ушығып тұр

Қаңтар 12, 2026 - 13:22
Қаңтар 12, 2026 - 13:25
 0  4
Ирандағы шеруде 500-ден астам адам қаза тапты: Жағдай ушығып тұр
Фото: MIDDLE EAST IMAGES / AFP VIA GETTY IMAGES

Ирандағы наразылықтар екі аптадан бері жалғасып жатыр. Бастапқыда экономикалық дағдарысқа байланысты шыққан шерулер қазір билікке ашық қарсылыққа айналды. Көптеген митингілерде халық «Диктатор өлсін!» және «Хаменеи өлсін!» деп ұрандап, билікке қарсы шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz. Euronews порталына сілтеме жасап.

Иран көшбасшысы, аятолла Али Хаменеи, шеруге шыққандарды «араңдатушылар» және «елге зиян келтіретіндер» деп айыптап, олардың әрекеттерін «тек АҚШ президентін қуанту үшін елді қирату» деп сипаттады. Сонымен қатар, наразылықтар «сыртқы күштердің ықпалымен ұйымдастырылған террористік әрекеттер» деп бағаланып, қатысушыларға өлім жазасы қолданылуы мүмкін екені хабарланды. 

Аятолла Али Хаменеи

Фото: IRANIAN LEADER PRESS OFFICE/Anadolu/picture alliance

Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, интернет пен байланысқа шектеу қойылған, бұл наразылықтардың нақты көлемін анықтауды қиындатып отыр.

DW хабарлауынша, АҚШ-тағы HRANA құқық қорғаушылар желісінің дерегіне сүйенсек, наразылықтарда қазірге дейін 538 адам қаза тауып, мыңдаған адам ұсталған. Бұған дейін ресми деректерде 203 өлім тіркелген еді.

https://ru.wikipedia.org/wiki/Протесты_в_Иране_(с_2025)

Қазіргі дерек бойынша, шерулер елдің барлық 31 провинциясында, 180 қалада, жалпы 512 елді мекенде өтті. Сарапшылар бұл толқуларды 2022 жылғы Махса Амини оқиғасынан бергі ең ірі, ал кей бағалаулар бойынша 1979 жылғы Ислам революциясынан кейінгі ең ауқымды қозғалыс деп сипаттайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0