Ирандағы жағдай ушығып барады: наразылық жетекшілеріне өлім жазасы қолданылмақ
Иран билігі наразылық акцияларының жетекшілері деп танылған бірқатар сотталғандарды жеделдетілген «сот процесі» арқылы өлім жазасына кесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бірқатар шетелдік дереккөздер хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, алғашқы топтағы сотталғандар сәрсенбі күні таңертең фаджр намазынан кейін ислам заңнамасына сәйкес көпшілік алдында дарға асу арқылы өлім жазасына кесіледі. Жазаны орындау рәсімі ашық түрде өтетіні айтылып отыр.
Құқық қорғаушылар бұл шешімнің халықаралық құқық нормаларына қайшы келетінін айтып, Иран билігін өлім жазасын тоқтатуға шақыруда. Сонымен қатар, бірқатар сарапшылар жеделдетілген сот процестерінің әділ өтуіне күмән келтіріп, айыпталушылардың қорғану құқығы толық сақталмауы мүмкін екенін алға тартуда.
Айта кетейік, соңғы айларда Иранда әлеуметтік-саяси наразылықтар күшейіп, билікке қарсы акцияларға қатысқандарға қатысты қатаң шаралар қабылданып келеді.
Бұл жағдай халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын туғызып, бірқатар елдер Иранға қысым көрсету қажеттігін мәлімдеген болатын.
Ал әлеуметтік желілерде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қарата «Трамп, қайдасың?» деген мазмұндағы эмоционалды үндеулер таралып, Батыс елдерінің реакциясы жеткіліксіз деген пікірлер айтылуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0