«Іш киімі бір времянка»: Тұрсын Алагөзовтің бір қыдырып шыққандағы образы жұртты таң қалдырды

Желтоқсан 29, 2025 - 11:37
Желтоқсан 29, 2025 - 11:37
 0  10
«Іш киімі бір времянка»: Тұрсын Алагөзовтің бір қыдырып шыққандағы образы жұртты таң қалдырды
Фото: ғаламтордан

Сән индустриясының сарапшысы Жансая Әміршәріпқызы продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің образына шолу жасап, оның бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді,-деп хабарлайды Politico.kz.
Блогердің айтуынша, Тұрсын Алагөзовтің бір образының жалпы бағасы 131 млн теңгеге жетеді.

Фэшн-блогер кәсіпкердің брендтік заттарын жеке-жеке есептеп, олардың құнын айтты. Оның есебінше:

Аяқ киім (Bottega Veneta) – 515 мың теңге;
Сөмке (Bottega Veneta) – 3 млн теңге;
Алқа (Prada) – 461 мың теңге;
Көзілдірік – 514 мың теңге;
Қол сағат (Hublot) – 111 млн теңге;
Футболка (Cristian Dior)- 473 мың теңге;
Күртеше (Louis Vuitton) – 13 млн теңге.

Желі қолданушылары кәсіпкердің образына таңғалып жатса, енді бірі сынға алды. 

«Сүрген соң өмірді осылай сүру керек тамаша», «Байлығы еселенеберсін, жақсы адам», «Осы кісі байыған сайы халыққа көмегін көп тидіріп жатыр басқа шіріген байлардан қарағанда», «Іш киімі бір времянка тұрады дейсің ғой», «Ана өмірге сол киіммен кете ма екен?», «Әр қазақ осылай киінім жүруімізге бұйыртсын, Әмин», -деп жазып жатыр олар. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0