«Іздестіріліп жатқан жоқ»: Атыраулық хакер жоғалған отбасыға қатысты тың дерек айтты

Қаңтар 18, 2026 - 16:53
 0  2
«Іздестіріліп жатқан жоқ»: Атыраулық хакер жоғалған отбасыға қатысты тың дерек айтты
Фото: Pixabay.com

Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен отбасыға қатысты жаңа мәлімет жария болды, деп жазады sadaq.kz.

Өзін «Атыраулық хакер» деп таныстырған әлеуметтік желі қолданушысы қолындағы деректерге сүйене отырып, жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұған дейін тараған бейнематериалда отбасы мүшелерінің біріне тиесілі банк картасының Бали аралында тіркелгені туралы ақпарат айтылғаннан кейін, қауіпсіздік мақсатында банк отбасыға қатысты барлық есепшоттарды уақытша бұғаттаған. Соның салдарынан банк карталары арқылы қандай да бір төлем жасау немесе оларды пайдалану мүмкін болмай қалған.

Сондай-ақ желі қолданушысының мәлімдеуінше, қазіргі таңда Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Ол бұқаралық ақпарат құралдарында іздеуді жалғастыруға қатысты жаңа ресми сұраулардың тіркелмеуін осыған себеп ретінде көрсетеді.

Осы уақытқа дейін Наурыз бен Мейрамгүлдің қайда екені белгісіз күйінде қалып отыр. «Атыраулық хакердің» болжамынша, көпшілікті толғандырған бұл сұрақтың жауабын тек Сұлтан ғана білуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0