«Қабырғасын сындырып жіберген»: Зейнеткерге күш қолданған полицей қызметінен қуылды

Ішкі істер министрлігі Алматы облысында 77 жастағы әжеге жабылып, кейін оны бар күшімен итеріп жіберген полиция қызметкерлерінен қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Құқық қорғау органдары күш қолданған кейуананың қабырғасы сынған.
“Оқиға Алматы облысындағы Өтеген ауылында қазан айының басында болған. Мәжбүрлеп көшіру кезінде полиция қызметкері 77 жастағы әжейді итеріп жіберген. Әйел темір тұтқаға соғылып, ауырсынған. Кейін дәрігерге көрінген оның қабырғасы сынғанын анықталды”, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Оның айтуынша, әжейді итерген полицей қызметінен босатылды. Сондай-ақ оның тікелей басшылығына қатысты қызметтік тексеріс басталды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






