«Кальмар ойыны» сериалындағы танымал актер сотталды

«Кальмар ойыны» сериялындағы нөмірі 001-ші ойыншыны сомдаған 80 жастағы оңтүстік кореялық актер О Ён Су әйелге ерсі әрекеттер жасағаны үшін түрмеге түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Танымал актердің қылмысы дәлелденіп, кінәлі деп танылды. Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Ресми дерек бойынша, сот алдымен актерді сегіз айға бас бостандығынан шектеген. Бірақ кейінірек үкім өзгерді. Актер екі іс бойынша айыпталды. Тергеу мәліметіне сүйенсек, ол 2017 жылы әйелді еркінен тыс құшақтап, ерсі әрекеттер жасаған. Алайда іс енді ғана сотқа келіп түсті. Айыпталушы өзінің бұл ісіне өкінбей, керісінше жарты ғасырлық тәжірибесі бар актер екенін айтқан.
Прокурорлар актердің реакциясын қатты сынға алды. Кешірім сұраудың орнына ол өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне өкінбеді. Актердің адвокаттары дәлелдемелер нәтижесіз екенін айтты.
«Осы жаста сотқа жүгіну масқара. Менің әрекеттерімді шабуылға теңестіруге болмайды. Менің 80 жыл бойғы еңбегім күл болды», дейді актер.
Сот шешімі шыққаннан кейін, актердің адвокатттары апелляциялық сотқа шағым түсірді. Соңғы үкім 3 маусымда шығады. Бірақ апелляциялық сот шешімінің нәтижесіне қарамастан, актердің көрермендері ол туралы ойын өзгертіп үлгерді.
Айта кетейік, Вьетнамда танымал «Кальмар ойыны» сериалының екінші маусымына қатысты дау шықты. Көрермендер жобаға Вьетнам соғысы туралы тарихи деректерді бұрмалады деген айып тағып, бойкот жариялауға шақырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






