Камчыбек Ташиевке сот үкімі шықты

Шілде 3, 2026 - 09:57
chat_bubble  0 visibility  3
Камчыбек Ташиевке сот үкімі шықты
фото: әлеуметтік желіден

Қырғызстанның бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Камчыбек Ташиевке қатысты «75-тің хаты» ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бішкектің Первомай аудандық соты Камчыбек Ташиевті билікті күшпен басып алуға дайындалды деген айып бойынша кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. Сонымен бірге сот оған пробация қолданғандықтан, жаза бас бостандығынан айыру орындарында өтелмейді.

Сот сондай-ақ Ташиевті қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып бойынша ақтады. Іс бойынша онымен бірге бұрынғы бас прокурор Құрманқұл Зулушев, экс-спикер Нұрланбек Тұрғынбек уулу және тағы бірнеше бұрынғы жоғары лауазымды тұлға сот алдында жауап берді.

 Еске салайық, қылмыстық іс 2026 жылдың ақпанында жарияланған «75-тің хаты» деп аталған үндеуден кейін қозғалды. Ашық хат авторлары президент Садыр Жапаровқа мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынған болатын. Тергеу бұл үндеу елдегі саяси тұрақтылыққа қауіп төндірді деп есептеген. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0