Қамшыбек Тәшиевке қатысты сот процесі басталды (ФОТО)
Бішкектегі алдын ала тыңдау жабық форматта өтті. Іс Бішкектің Первомай аудандық сотында қаралады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Сот қызметкерлері істің құпияланғанын айтып, журналистер мен өзге адамдарды сот залына кіргізбеген.
Адвокаттардың сөзінше, Қамшыбек Тәшиевке "билікті күшпен басып алуға дайындалу" және "қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" баптары бойынша айып тағылған. Бұл іс бойынша Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Құрманқұл Зулушев пен парламенттің экс-спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы да аталады.
Іс "75-тің хаты" деп аталған үндеумен байланысты. Онда бір топ қоғам және саяси қайраткер президент Садыр Жапаровқа мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы үндеу жолдаған. Бұған дейін Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті барлық қызметінен босатқан еді. Кейін билік өкілдері Тәшиевтің жақын айналасындағы адамдар депутаттарды оның жағына шығуға шақырғанын мәлімдеген.
Қамшыбек Тәшиев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, кінәсіз екенін айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0