«Қар тазаланбаған»: Астанадан Қостанайға ұшып шыққан ұшақ елордаға қайта қонуға мәжбүр болды
FlyArystan компаниясы мәлімдеме жасады
Астанадан Қостанайға бет алған FlyArystan ұшағы елорда әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды. Компанияның мәліметіне сүйенсек, Қостанай әуежайында ұшу-қону жолағының қары тазаланбаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалпы, компанияның мәліметіне сүйенсек, бүгін Қостанайда ауа райы бұзылған.
«Қостанай-Астана» бағытындағы FS7342 рейсі бұның алдында Қостанайға ұшқан ұшақтың кеш оралуына себеп болған. Рейс жолаушыларына сусын мен тамақ берді. Ұшақ Астанадан 17:05-те, ал Қостанайдан 18:50-де кері ұшады», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Компания рейс кестесінде тағы да өзгеріс болса, алдын ала хабарлама жібереді.
Сіздің реакцияңыз қандай?